Бүгін алты облыстағы 9 жолда қозғалыс шектелді
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды

Бүгін, 23 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 6 облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысы:
- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Қобда ауылы);
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Мақат ауылы);
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы - Доссор ауылы);
- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты» 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы - Құлсары ауылы).
Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);
Жетісу облысы:
- «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды.