169
15 млн теңге тәркіленді: Қостанайда кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Блогерді Қарабалық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады

Қостанай облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.
ІІМ мәліметінше, күдікті Қарабалық ауданында қолға түскен. Ол әлеуметтік желілерде әшкерелейтін материалдар жариялаймын деп қорқытып, кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен.
Блогерді Қарабалық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында 15 миллион теңге тәркіленді.
Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.