Қарағандылық әйел екі баласын 6 млн теңгеге сатып жіберген

Әр баланы 3 млн теңгеге бағалаған.

Қарағандылық әйел екі баласын 6 млн теңгеге сатып жіберген
Сурет: istockphoto.com
335

Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында бала саудасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2022-2024 жылдар аралығында ауыл тұрғыны екі баланы дүниеге әкеліп, оларды перзентхана қызметкерінің көмегімен әрқайсысын 3 миллион теңгеден сатқан, деп хабарлайды 

Тергеу материалдарына сәйкес, әйел алғашқы сәбиін дүниеге әкелген кезде үш баласы бар екенін айтып, нәрестеден бас тартқысы келетінін жеткізген. Кейін перзентхана қызметкері Астанада тұратын алматылық, баласыз ерлі-зайыптылармен байланысып, нәрестені 3 миллион теңгеге сату мәмілесін ұйымдастырған. Екі жылдан кейін дәл осындай жағдай қайталанып, әйел тағы бір сәбиін дүниеге әкеліп, оны да 3 миллион теңгеге сатқан. Екінші жағдайда медбике анасына жол шығыны үшін 10 000 теңге берген.

Құқық қорғау органдары бұл деректерді анықтап, Қылмыстық кодекстің 135-бабы – «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Айыпталушылар қатарында бала сатуға делдалдық жасады деп айыпталған дәрігер, биологиялық ана және екі ерлі-зайыпты (бірі Алматыдан, екіншісі Қарағандыдан) бар.
Қазіргі уақытта екі бала балалар үйіне орналастырылған, олар патронаттық отбасылардан алынып, мемлекет қарауына берілді.

Серіктес жаңалықтары