"Жаратылыстың сырын түсінуге көмектеседі": Илон Маск ең ақылды нейрожүйені таныстырды
Әзірлеушілердің айтуынша, Grok-3 алдыңғы нұсқасынан он есе ақылды.

Илон Маск xAI компаниясының жаңа әрі жетілдірілген чат-боты Grok-3-ті таныстырды. Бұл жүйе Ғаламның табиғатын түсінуге көмектеседі. Әзірлеушілердің айтуынша, Grok-3 алдыңғы нұсқасынан он есе ақылды.
Тестілеу нәтижелері бойынша, ол GPT-4o, Claude 3.5 Sonnet, Gemini-2 Pro және DeepSeek-V3-тен математика, кодтау және ғылыми жұмыстар бойынша асып түсті.
Маск пен xAI өкілдері Grok-3-тің жоғары деңгейде ой қорытатынын және одан әрі жетілдіріле беретінін мәлімдеді.
«Біз шығармашылықтың алғашқы белгілерін байқап отырмыз», – деді Маск.
Презентация кезінде Grok-3 Марсқа ұшу және Жерге қайту терезесін барлық техникалық параметрлерімен есептеп берді.
Маск Grok-3-тің 200 000 Nvidia H100 чипі бар Colossus гигакомпьютерінде оқытылғанын айтты. Жаңа нейрожүйеде DeepSearch функциясы бар. Ол кез келген іздеу сұранысын талдап, бүкіл интернеттен шынайы әрі нақты жауап береді. Егер нақты ақпарат жоқ болса, жүйе дәлелді болжам жасап, бір жылға арналған ауа райы болжамынан бастап, ойын жаңартуларындағы ең тиімді құрастыруға дейін кез келген сұраққа жауап бере алады.
Сонымен қатар, Grok-3 ойындарды бірден генерациялай алады. Тікелей эфир кезінде ИИ «Тетрис» пен «Три-в-ряд» қоспасын жасап шығарды. Маск бұл жүйені «ойын жасайтын ИИ-студия» деп атады.
xAI өкілдері Grok-3-тің ойлау қабілеті әлі де бета-тесттен өтіп жатқанын және оқыту процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ компания шағын нұсқаның барын растады. Презентация алдында жоспарланған дыбыс режимі уақытша алынып тасталды.
«Дыбыс режим әлі тұрақсыз, бірақ бір аптадан кейін іске қосылады», – деді әзірлеушілер.