Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2,4 мың ерікті жұмыс істеп жүр

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы Қазақстанда қоғамдық бақылауды күшейтудің маңызды және тиімді құралына айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2,4 мың ерікті жұмыс істеп жүр
pixabay.com
Автор
Админ
182

Еріктілер жол құрылысының мониторингіне, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға белсенді тартылуда.

Осы жоба шеңберінде волонтерлер қатарына 2,4 мыңға жуық адам қосылған. Олар бюджет қаражатын жұмсау тиімділігіне және өңірлердің проблемалық мәселелеріне мониторинг жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға, жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік роликтер жасауға және т.б. қатысады.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 64 мың азаматқа құқықтық кеңес берілген.

Қоғамдық бақылау шеңберінде еріктілер әлеуметтік нысандар, «ұзақ құрылыстар» және басқа да маңызды инфрақұрылымдық объектілер құрылысының сапасына 1 мыңнан астам мониторинг жүргізді.

Еріктілер жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатқа қоғамдық бақылау мен қоғамның сенімін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жалпы, бұл жұмыс 15 млрд теңге сомасына асыра бағалау тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік берген.

 

Серіктес жаңалықтары