231
Қазақстандық блогерлер 53,3 млрд теңге табысын салық органдарынан жасырған
Оларға салық төлеу үшін 30 күн берді.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық 600 блогердің миллиардтаған табыстарын жасырғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар тапсырған декларация мен түрлі дереккөздерден жиналған мәліметтерді салыстырғанда салық мамандары 594 блогер мен инфлюенсердің 53,3 млрд теңге табысын жасырғанын анықтаған.
Оларға екі күн ішінде «табыстарын азайтып көрсеткені» туралы хабарлама жолданды.
«Есептелген салықты өз беттерінше төлегендері туралы қосымша салықтық есеп өткізулері керек. Келіспеген жағдайда түсініктеме беруі қажет. Хабарламаны орындау мерзімі 30 күн», - деді Кірістер комитеті.
Комитет әлеуметтік желіде жарнама жасап, ақпараттық өнім, оқыту курстары, ұтыстар өткізіп, тапқан табыстан салық төлеуі тиістігін мәлімдеді.