220
Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Финалда олар беларусьтік Иван Лютаревич пен француз Люк Санчесті 6:4, 6:0 есебімен жеңді

Теннисші Бейбіт Жұқаев ATP Challenger сериялы турниріне қатысып, жұптық разрядта жеңіске жетті.
10-15 ақпан аралығында Бахрейнде өткен «Челленджер» сериялы турниріне 64 теннисші қатысты.
Бейбіт Жұқаев бұл жарыста украиналық Виталий Сачкомен бірге жұптық разрядта өнер көрсетті.
Финалда олар беларусьтік Иван Лютаревич пен француз Люк Санчесті 6:4, 6:0 есебімен жеңді.