2024 жылы Қазақстанда республикалық автожолдардағы жол жабдықтарын ұрлау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл мемлекетке 1,35 миллион теңге шығын әкелді.
Ұрылар стробоскоптарды, күн панельдерін, профлистерді, қоқыс контейнерлерін, шамдарды, жол белгілерін және су өткізгіш құбырлардың қалқандарын қолды қылған.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы осы фактілер бойынша құқық қорғау органдарына бірнеше рет арыз түсірді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, дереу 102 немесе 1403 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз. Мұндай ұрлықтар мемлекетке зиян ғана келтіріп қоймай, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді", – деп мәлімдеді жол компаниясы.