385
Қостанайда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты
Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр

Қостанай облысының Қамысты ауданында аудан әкімдігі маңындағы алаңда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті.
"Наша газетаның" ақпаратынша, биіктігі шамамен 4,5 метр болатын сырғанақ 13 ақпанда бұзылған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады құқық қорғау органы.
Оқиға фактісін орталық аудандық аурухана да растады.