Қостанайда қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

/
Қостанайда қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды
ТЖМ
Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады

Қостанай облысында қарға қамалып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

«Арқалық – Жезқазған тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте үш адам болған. Олар өздігінен шығуға қауқарсыз болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келген», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Абырой болғанда, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары