560
Ақсудағы пансионатта зейнеткерлерді қорлап, киімсіз аулада ұстаған
Пансионатта түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды.

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады.
Бас прокуратураның ақпаратынша, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Жәбірленушілердің бірінің жасы - 84-те.
Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.
Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», – делінген хабарламада.