Түркияда әйел бір жасар баласын теңізге лақтырып жіберген

/
Түркияда әйел бір жасар баласын теңізге лақтырып жіберген
Pixabay
Дәрігерлер баланы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызды

Түркияның Измир қаласында жаға ұстатарлық жай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haberturk.com таратқан мәліметке сүйенсек, 30 жастағы әйел Бенгилер ауданында теңізге түсіп, ол жерде кішкентай сәбиін тастап кеткен.

Оқиғаның куәгерлері баланы дереу судан алып шығып, медициналық қызметкерлерді көмекке шақырған. Дәрігерлер баланы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызды.

Әйел оқиға орнында ұсталды. Алдын ала деректерге сәйкес, оның психикалық бұзылысы бар. Қазіргі кезде ол қамауға алынды, қажетті процедуралардан соң сотқа тапсырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары