250
Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді

Ж.Дүрімбетов көшесі бойында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген.
Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барып, 1 мың шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.