Мысыр қазақстандық туристер үшін елге кіру тәртібін жеңілдетеді

/
Мысыр қазақстандық туристер үшін елге кіру тәртібін жеңілдетеді
Фото: istockphoto

Мысыр бұған дейін Орталық Азия елдері үшін енгізілген қосымша визалық талаптарды қазақстандық туристер үшін жояды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырға ресми сапары аясында сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар істері министрі Бадр Абдельаттимен кеңейтілген құрамда келіссөздері өткен.

Кездесу барысында 2026 жылғы 7 қарашадағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылған. Құжат Қазақстан мен Мысырдың жарамды қызметтік паспорттары бар азаматтарына визасыз режимді қолдануды кеңейтуді көздейді.

"Келіссөздердің негізгі нәтижелерінің бірі Мысыр тарапы туристік мақсатта елге келетін азаматтарына қосымша талаптар енгізген Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен Қазақстанды алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілуі болды.

Бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға кіру шарттарын жеңілдетуге және туристік алмасуларды одан әрі дамытуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар