268
Қазақстандықтар қарызға батқан: Өткен жылы 6,8 млн азамат несие алған
ҚҚС көтерілсе жағдай ушығуы мүмкін.

Өткен жылы 6 800 000 азамат 10,6 трлн теңгеге кепілсіз тұтынушылық несие алған, деп жазады turkystan.kz.
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16%-ға жоғары. Ұлттық банк былтыр бұл көрсеткіш азая ма деп күткенімен, болжам орындалмады. Керісінше несие беру шарттары қатаңдатылғанына қарамастан несие алушылар саны көбейген.
Қазір елде екі жағдай байқалып отыр: халықтың табысы азайған және несие алу көрсеткіші өскен. Сарапшылар пікірінше ҚҚС көтерілсе жағдай ушығуы мүмкін.