356
Мұхтар Мағауин тұрған үй музейге айналады
Жазушының ұрпақтары алдағы жоспарларын айтты.

Қабырғалы қаламгер,тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауин 2 ақпанда 85 жасқа толар еді. Осы күнге орай марқұмның Америкадағы шаңырағында ұлы қаламгерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Әдебиет зерттеушісін еске алу шарасына АҚШ-тың алыс-жақын штаттарымен қатар Қазақстаннан да оқырмандары және дипломаттар мен диаспора өкілдері келді.
Вашингтон маңындағы Cилвер Спринг кентіндегі бұл үйде жазушының өмір бойы жинаған кемі 4,5 мың дана болатын кітап қоры мен бүкіл мұрағаты сақталған.
Ұрпақтары алдағы уақытта осы шаңырақты «Мағауин мәдени ағарту орталығына» айналдыруды жоспарлап отыр.