174
Жетісу мен Абай облысында жол жабылды
Ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 4 ақпан сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты:
"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін);
"Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 615-683 шақырым аралығындағы учаскеде (Жетісу облысының шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.