Жамбыл облысында жол жабылды

Ауа-райына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

Жамбыл облысында жол жабылды
istockphoto.com
Автор
Админ
282

2025 жылғы 31 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 143-214 шақырымында (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 1 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Жамбыл облысында республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.      

Жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде.     

 

 

Серіктес жаңалықтары