ЖИ жарысы: Қытайда күн сайын бір нейрожелі пайда болып жатыр

ЖИ жарысы: Қытайда күн сайын бір нейрожелі пайда болып жатыр
сурет: istockphoto.com
223

Қытайдың технологиялық компаниялары жасанды интеллект саласында күн сайын жаңа шешімдер ұсынып, әлемдік бәсекенің көркін қыздырды. Кейінгі бір айда басталған үрдіс соңғы кезде қарқынын күшейтіп, күн сайын бір нейрожелі пайда болып жатыр.

38 күн бұрын – DeepSeek V3: АҚШ-тың баламаларынан 1071 есе арзан ЖИ моделі. Бұл өнім жасанды интеллектті қолжетімді ету арқылы нарықты түбегейлі өзгертуі мүмкін.

8 күн бұрын – DeepSeek R1: жақсартылған логикалық ойлау, өзін-өзі оқыту және ашық код мүмкіндіктерін ұсынатын қуатты модель. Бұл зерттеушілер мен әзірлеушілерге өз шешімдерін жасауға мүмкіндік береді.

Бүгін түнде – Qwen2.5-VL (Alibaba): бір сағатқа дейінгі бейнелерді талдай алады, ИИ-агенттерді басқара алады және мультимедиялық контентті өңдеуде ерекше қабілеттерге ие. Бұл жасанды интеллекттің видео контентпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтереді.

1 сағат бұрын – Qwen2.5-Max (Alibaba): фотореалистік кескіндер жасайды, күрделі кодтар жазады, мүмкіндіктері ChatGPT-ден асып түседі. Бұл модель визуалды генерация мен бағдарламалау саласында революция жасауы мүмкін.

Бұған дейін Қытай ЖИ нарығын дамытуға қыруар ақша бөлгені туралы жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары