171
"Қытай ChatGPT-ті басып озды": DeepSeek және Alibaba жаңа ЖИ моделін ұсынды
Қытайдың ChatGPT-ті нарықтан ығыстыруы мүмкін. Бұл – дүние жүзіндегі БАҚ-тың жарыса жазып жатқан тақырыбы. Себебі DeepSeek Қытай компаниясы небәрі 200 қызметкермен және 3 күн ішінде ChatGPT-ті App Store рейтингінде басып озған.
DeepSeek жасанды интеллект платформасын әзірлеуге бар-жоғы $6 млн жұмсап, OpenAI-дың $6,6 млрд инвестициясы мен 4500 қызметкердің жұмысын артта қалдырды. DeepSeek тезірек жұмыс істейді және пайдаланушыларға тегін ұсынылады.
Қытайдың тағы бір маңызды жетістігі – Alibaba компаниясының Qwen2.5-1M атты жаңа моделі. Бұл модель суреттер мен видеоларды тегін жасай алады, үлкен көлемдегі кодтарды, кітаптарды және дерекқорларды өңдейді. Сонымен қатар, оның өңдеу жылдамдығы ChatGPT-ке қарағанда 7 есе жоғары.
Бұл ретте, Қытайдың ЖИ саласындағы мақсаты зорайып барады. АҚШ-тың $100 млрд көлеміндегі «суперкомпьютер» жобасына жауап ретінде, Қытай ЖИ-ді дамыту үшін $137 млрд бөліп отыр.