2025 жылы ветеринар мамандығы ең сұранысқа ие мамандық болады – зерттеу

2025 жылы ветеринар мамандығы ең сұранысқа ие мамандық болады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
130

Indeed компаниясының есебіне сәйкес, АҚШ-та ветеринар мамандығы 2025 жылы ең көп сұранысқа ие болады. Кейінгі 3 жылда бұл мамандыққа деген сұраныс 124%-ға өскен, ал орташа жылдық жалақысы $140,000-ға жеткен.

Мамандықтардың рейтингісінде мына 3 критерий негізге алынған:

  • ең төменгі жалақының жоғарылығы;
  • соңғы үш жылда жарияланымдардың 20%-дан астамға өскені;
  • жарияланымдардың кемінде 5%-ының қашықтан немесе аралас форматта орындалуы

Сарапшылардың айтуынша, бұл өсімнің басты себебі – жастардың балаларға қарағанда, үй жануарларын – мысық пен ит асырауды таңдауы.

 

Серіктес жаңалықтары