Енді тұтынушыдан қолма-қол ақша талап ететіндер айыппұл төлейді

Егер бір ай ішінде 100 немесе одан да көп адамнан 255 мың теңгеден астам төлем қабылданса, азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

Енді тұтынушыдан қолма-қол ақша талап ететіндер айыппұл төлейді
istockphoto.com
481

Елімізде енді төлемді тек қолма-қол ақшамен қабылдауды талап ететін кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 157 мың теңгені құрайды, деп хабарлады Информбюро бағдарламасы.

Кірістер комитетінің мәліметінше, төлем қабылдау талаптарын орындамаған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кейінгі уақытта дүкендерде QR-код немесе банк аударымы арқылы төлем жасауды қабылдамау жағдайлары жиілеп кеткен. Сатушылар түрлі сылтаулар айтып, табыстарын жасыруға тырысатын көрінеді. Мұндай жағдайларда тұрғындар кірістер департаментіне шағымдана алады.

Сонымен қатар биылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары бақылауға алынған. Егер бір ай ішінде 100 немесе одан да көп адамнан 255 мың теңгеден астам төлем қабылданса, азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

“Сатушы төлемді үш түрлі тәсілмен қабылдауға міндетті: қолма-қол ақша, банк картасы және QR-код арқылы. Егер сатушы тек қолма-қол ақшаны талап етсе, бұл заңға қайшы әрекет болып саналады,” – деп түсіндірді заңгер Венера Нұрғалиқызы.

Серіктес жаңалықтары