«Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орайды»: Ерке Есмахан әшекей алған оқырмандарына жауап берді

Ерке Есмахан табысы жайлы сөз етті.

«Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орайды»: Ерке Есмахан әшекей алған оқырмандарына жауап берді
сурет ашық дереккөзден алынды
320

Танымал әнші Ерке Есмахан сапасыз бұйым сатты деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі ұстаның қатесі үшін халықтан кешірім сұрады.

“Түсін жоғалтса да, мән мағынасы үшін алдым, ауыстырып беріңізші” деген қыздарға жауап беріп жатырмын. Бізден кеткен қатені түзеп, қараймайтын сотуарды салып жіберемін. Бұл сотуардағы ниетті түсініп, бұйымның қайталанбайтынын біліп жатқан ақылды да нәзік қыздарды құшақтадым. Ырымдап алған жандардың бар тілегі орындалсын. Аяғым ауыр кезеңдемін ғой, шын жүректен тіледім”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін “Сотуардан тапқан ақшасына Парижде шалқып жүр” дегендерге ақталды.

“Сотуардан кеткен қатеден бұрын, біраз адамның көкейінде саудадан түскен ақша екен. Соның ақшасына Парижде шалқып жүр екенмін. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып, Парижді төрт рет, дүниежүзін бес рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орап қойған. Басқаның қатесіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай өмір сүрмеңіз. Көп сөзден бір іс артық”, – деп кеңес берді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары