882
18 баланы өмірге әкелген әйел мүгедек болып қалды
Малайзиядағы әйел 18 жүктіліктен кейін мүгедек болып қалды.
Бұл оқиға жайында Word of Buzz сайтына оның қызы баяндап берген, деп жазды turkystan.kz.
Қызының айтуынша, анасы 2010 жылы 18-ші баласын туғанда мүгедек болған. Босану кезінде оның жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған. Оянған әйел ішінара есте сақтау қабілетінен айырылып, көмексіз әрең қозғала бастаған.
Сонымен қатар, қызы анасының үш рет түсік тастағанын айтты. Қазір әйелге үнемі күтім қажет, ал оның отбасы оған барлық қолдау көрсетіп келеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары әйелдің басынан өткен оқиғаны естіп, оған жақсылық тіледі.
"Сіздің анаңыз көп нәрсені құрбан етті. Ол дүниеге келген барлық балалар өмірінің соңына дейін оған қамқорлық жасасын", – деп жазған желі қолданушыларының көбі.