Ақтөбе облысындағы перзентханада нәрестені сату фактісі тіркелді. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе облысының полицейлері перзентханада жаңа туған нәрестені сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда», – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.