Ер адамның өлі денесі 19 қаңтар күні қала шетіндегі үйлердің бірінен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz СҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«19 қаңтар күні Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Уражайная көшесіндегі үйлердің бірінен із-түссіз жоғалған 45 жасар ер адамның түрлі дене жарақаттары бар мүрдесі табылды», – делінген СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамды өлтірді деген күдікпен 69 жасар петропавлдық ұсталды. Қазіргі таңда қылмыстық істі тергеу шаралары жалғасып жатыр.