Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыған

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды
ТЖМ
184

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Қайрат» шағынауданында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт кезінде пәтердегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Төтенше жағдайлар қызметі өрт шыққан ғимараттан 14 тұрғынды баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары