192
Қостанайда 35 жастағы блогер мас күйде көлік жүргізген
Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды
Блогер апатты телефонына түсіріп, TikTok желісіне жариялаған. Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады.
Nege.kz мәліметінше, медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.
Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.
Сонымен қатар ол келтірілген зиянды қалпына келтіреді.