2024 жылдың III тоқсанында еліміздегі тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Қызметтердің негізгі көлемі төмендегідей қаржыландыру көздерінен орындалған:
• 5,3 миллиард теңге – бюджет қаражаты;
• 47,9 миллиард теңге – халықтан түскен қаражат;
• 3 миллиард теңге – кәсіпорындардың қаржысы.
Өңірлік бөліністе ең көп қызмет көлемі Астана және Алматы қалаларында көрсетілген – әрқайсысында 14 миллиард теңгеден. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) тұр.
Ең аз көрсетілген қызмет көлемі Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 107 518 мың теңге.