Жазғы Азиада-2026: Балуан Нилуфар Раимова қола жүлде жеңіп алды

/
Жазғы Азиада-2026: Балуан Нилуфар Раимова қола жүлде жеңіп алды
ҰОК

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар