Семейде ірі өрт шықты. Глинки көшесінде пилорама өртенген. Өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Самат Еңкебаевтың айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде 400 шаршы метр аумақта жиналған ағаш материалдары мен 300 тонна көлеміндегі қабықтың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді.
Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 14 техникасы мен 47 қызметкері тартылды.
Өрт таңғы сағат 9.00-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.