Жетісу облысында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сотқа дейінгі тергеу басталды

Жетісу облысында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
Видеодан алынған кадр
227

Жетісу облысында өліммен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға 10 қаңтарда таңғы уақытта Ескелді ауданында болған. Белгісіз көлік жүргізушісі Қарабұлақ ауылындағы Ескелді би көшесінде келе жатып, жолдың жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қызметкерлері оқиға туралы хабар алған бойда іздеу жұмыстарын бастап, жедел әрекет ету нәтижесінде "Тойота" маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, – деп атап өтті ведомстводан.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары