Air Astana жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Ақтауға қонды

Ұшақтан ақау шыққан.

Air Astana жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Ақтауға қонды
Сурет: www.istockphoto.com
269

8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Ақтау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Air Astana компаниясының мәліметінше,  Airbus A321 ұшағы Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып шыққан, алайда орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы анықталғандықтан экипаж жоспардан тыс қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар мен экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.

Алматыдан қосалқы бөлшекті жеткізу қажеттілігіне байланысты рейс 9 қаңтарға ауыстырылды, жоспарланған ұшу уақыты — 09:20. Рейс жолаушыларына тамақтану және қонақ үйде тұру мүмкіндігі ұсынылатыны нақтыланады. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да  қабылданды.

Серіктес жаңалықтары