Әжесі пешке байқамай бензин құйып жіберген — бір үйдің бес қызы тірідей жанып кетті

Балалардың ата-анасы үйде болмаған

Әжесі пешке байқамай бензин құйып жіберген — бір үйдің бес қызы тірідей жанып кетті
ТЖМ Абхазия
1782

Абхазияның Гала ауданы Папынырхуа ауылында жеке үйде өрт шығып, бір үйдің 5 баласы жанып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Балалар әжесінің қасында қалған. Балалардың ата-анасы үйде болмаған. Олардың анасы ауруханада жатып, әкесі соған кеткен екен. Қария өрттен дін аман шыққан.

Елдің ТЖМ басшысының міндетін атқарушы Лев Квициния қаза тапқандардың бәрі қыз бала екенін хабарлады. Олардың ең кішісі сегіз айлық нәресте болса, ең үлкені сегіз жастағы қыз бала. Ресми органның өкілі өрттің себебін айта келе, қыздардың әжесі пеш жағарда керосиннің орнына бензин құйып жіберген дейді.

Гала ауданы Абхазияның шығысында орналасқан. Бес періштенің өліміне байланысты Абхазия Аза тұтты.

Серіктес жаңалықтары