Ақмола облысында 7 адам құтқарылды

Боран болып, олар жол жиегіне шығып кеткен.

Ақмола облысында 7 адам құтқарылды
istockphoto.com
Автор
Админ
153

Бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран себебінен 7 адам мінген жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ қызметкерлері 7 адамды құтқарып, Щучинск қаласының жылыту пунктіне апарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

«Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа-райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туса 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

 

Серіктес жаңалықтары