Тоқаев орта державалардың геосаяси тұрғыдағы дәнекерлік рөлін түсіндіріп берді

Қазір халықаралық қатынастар жүйесі кері кетіп барады, тіпті құлдырай түсті деуге болады.

Тоқаев орта державалардың геосаяси тұрғыдағы дәнекерлік рөлін түсіндіріп берді
Автор
Админ
184

Шетелдік сарапшылар мен дипломаттар Қазақстанды орта держава деп атай бастағанын көріп жүрміз. Орта державалар қандай рөл атқарады және осы мәртебеге ие болған Қазақстан не істей алады? Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында осы сұраққа жауап берді.

«Мен бұған қатысты пікірімді ел ішінде де, шетелдерде де айттым. Қазір халықаралық қатынастар жүйесі кері кетіп барады, тіпті құлдырай түсті деуге болады. Тұрақсыздық күшейіп, ірі державалардың бірін-бірі айыптауы белең алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қауқарсыз болып қалды. Осындай қиын халықаралық ахуалға көптеген мемлекет, соның ішінде Қазақстан да алаңдап отыр. Бұл – орынды алаңдаушылық. Себебі қалыптасқан жағдай ол елдердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік бермейді.

Бүгінде барынша әділ әлем қалыптастыруға деген сұраныс өте жоғары. Осы тұрғыдан алғанда, орта державалар халықаралық сенім дағдарысын және жауапкершілігі жоғары жаһандық көшбасшыларға деген тапшылықты еңсеру жолында маңызды рөл атқара алады деп ойлаймын.

Орта державалар күш-жігерін жұмылдырып, жанжалдасып жатқан геосаяси орталықтардың арасында жаңа әрі мықты дәнекер бола алады. Сол арқылы халықаралық текетірестің қызуын бәсеңдетеді. Мен орта державалар үшін дәл осындай шақ туғанына сенімдімін», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары