Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Цетине қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
Автор
Админ
169

Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары