185
Алматы – Өскемен автожолы ашылды
Түнде ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелген болатын.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы «Алматы – Өскемен» автожолының ашылғанын хабарлады.
2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 09:30-де автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:
Жетісу облысы:
«Алматы – Өскемен» 410-480 км., Сарқант қаласы-Көлбай ауылы учаскесі
Алматы облысында республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.