295
Германияда улы газдан 41 адам зардап шекті
Қазір супермаркет жабылды, оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде
29 желтоқсанда Германияның Вальдхайм қаласындағы Kaufland супермаркетінде белгісіз адамдар көзден жас ағызатын газ шашты. Оқиға салдарынан 41 адам зардап шегіп, оның ішінде 15 адам ауруханаға жеткізілді.
Qazaqstan.tv арнасының мәліметінше, зардап шеккендер көздің және тыныс алу жолдарының тітіркенуіне, жүрек айнуына шағымданған. Қазір супермаркет жабылды, оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде.
Бұл Германиядағы алғашқы оқиға емес. 2 желтоқсанда Берлинде белгісіз біреу бастауыш мектепте газ шашып, 44 оқушы зардап шеккен болатын, олардың 22-сі ауруханағажатқызылған.