239
ШҚО-да 13 балықшы жауапқа тартылды
Қыс басталғалы бері 300-ден астам рейд өткізіліп, оның барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды
Шығыс Қазақстан облысында мұздағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 13 балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өңір құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізуде. Қыс басталғалы бері 300-ден астам рейд өткізіліп, оның барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабын бұзғаны үшін 13 балықшы, сондай-ақ баласын мұз үстінде қараусыз қалдырған бір ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.
Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Мұзға шыққанда құтқару кеудешесін киюді ұмытпаңыздар. Ата-аналар балаларын ешқашан мұз үстіне жалғыз жібермеуге тиіс. Су қоймалары – балалар үшін ойын алаңы емес, — деп ескертті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.