319
Павлодар облысының әкімі 24 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады
Тұрғындар алдында сөз сөйлеген Асайын Байханов осындай жобалардың аймақтың әлеуметтік дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті
Железин ауданында “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 24 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады.
24 пәтерлі жаңа үйдің ашылуына арналған іс-шарада мерекелік атмосфера орын алды. Жиналғандар көптен күткен тұрғын үйге қол жеткізгендеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, бұл оқиғаның аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға маңызды қадам болғанын атап өтті.
Тұрғындар алдында сөз сөйлеген Асайын Байханов осындай жобалардың аймақтың әлеуметтік дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жаңа пәтерлердің кілттерін алған тұрғындар өз қуаныштарын жасырмады. Көпшілігі үшін бұл оқиға өмірлерінің жаңа бетбұрысы болды. Өз кезегін күткен отбасылар облыс басшылығына және партияға қамқорлықтары мен ықыластары үшін алғыстарын білдірді.