529
Қарақат Әбілдина тұңғышына ерекше тілек айтты
Бүгін әншінің баласы Бекболат Болмановтың туған күні.
18 желтоқсан Қыдырәлі Болманов пен Қарақ Әбілдинаның ата-ана атанған күндері, деп жазды turkystan.kz.
Осы ретте әнші өз баласын әлеуметтік желіде құттықтаған.
«Алғаш ана атандырған,тұла бойы тұңғышым — Бекентайым! Туған күнің құтты болсын, құлыным! Өзіңді қалай жақсы көретінімді, саған сенетінімді білесің. Алланың панасында бол, көп жаса, балам!Дұғамдасың. Жапырағың жайқалып, тамырың тереңге жайылсын! Мәуелі бәйтерекке айналып, бауырларыңа қорған, бәрімізге саялы бақ бол! Ата-анада басқа қандай тілек болуы мүмкін?!», — деді Қарақат Әбілдина.