365
Деректеріңіз ұрлануы мүмкін: Мамандар бөтен телефон қуаттағыштарын қолдану қауіпті екенін ескертті
Киберқауіпсіздік сарапшылары бөтен немесе күдікті қуаттағыштарды пайдаланудың үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғылар арқылы сіздің iPhone-ыңызға вирус жұғуы, логиндер мен парольдер ұрлануы, тіпті барлық әрекеттеріңіз жасырын бақылануы мүмкін.
Ең қауіптісі – пайдаланушы бұл туралы мүлде сезбей қалады.
Киберқауіпсіздік саласының маманы мысал ретінде OMG-кабелін көрсетті. Сырттай қарағанда бұл кәдімгі қуаттағыш, бірақ оның ішіне Wi-Fi чипі орнатылған. Бұл чип құрылғыға қосылғаннан кейін барлық мәліметті сыртқа жіберіп отырады. Сарапшылардың айтуынша, осындай шпиондық кабельдер 2019 жылдан бастап ашық түрде сатыла бастаған.
Технологиялар дамыған сайын алаяқтардың әдістері де күрделеніп келеді. Сондықтан деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін абай болған жөн.