Астанада полицейлер ер адамды өлім аузынан құтқарып қалды

Полиция департаменті тұрғындарды алғашқы көмек көрсетуге дайын болуға шақырады

Астанада полицейлер ер адамды өлім аузынан құтқарып қалды
istockphoto.com
287

Астанада полицейлер тырыспа ұстап, есінен танып қалған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға патрульдеу кезінде болған. Полицейлер ғимараттан шығып келе жатқан ер адамның кенеттен есік алдында құлап қалғанын байқайды. Жақындаған кезде оның тырысып, тыныс ала алмай жатқанын анықтайды.

«Бір сәтке де кідірместен, полицейлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар оның тынысын қалпына келтіруге тырысып, жағдайын тұрақтандырды. Сонымен қатар, жақын маңдағы тұрғындар жедел жәрдем шақырды. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Ер адам кейін медицина қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Полиция департаменті тұрғындарды осындай жағдайларда дереу жедел жәрдем шақыруға және алғашқы көмек көрсетуге дайын болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары