Жазғы Азиада – 2026: Боксшы Төрехан Сабырхан финалға шықты

/
Жазғы Азиада – 2026: Боксшы Төрехан Сабырхан финалға шықты
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті.

Төрехан үш раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар