«Қазгидромет» алдағы күндері ауа райы күрт өзгеретінін хабарлады.
Мәлімет бойынша, ел аумағында ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.
14-15 желтоқсан күндері жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал 16 желтоқсан күні шығыс және оңтүстік-шығыста қарлы боран соғып, қатты қар жауады деп күтіліп отыр.