Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшеді

Төтенше жағдайлар министрлігі де жұмысын күшейтеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшеді
istockphoto.com
Автор
Админ
222

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның күшейтілген режимге көшетінін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«Ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Халық демалатын мереке күндері полиция күшейтілген қызмет режиміне көшеді», - деді ол.

Еске салайық, 14 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген қайғылы оқиғаның алдын алады. Біз профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз. Азаматтардан абай болуды сұраймыз», - деді ТЖМ басшысы.

Серіктес жаңалықтары