217
Астана мешітінде жас жігіт біреудің қымбат тонын ұрлап кеткен
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астананың Есіл ауданындағы мешітте жас жігіт біреудің қымбат тонын ұрлап кеткен. Ұрлық сәті бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері видео таспаны зерттеп, Iceberg маркалы қымбат тонды ұрлаған 22 жастағы күдікті жігітті анықтады.
«Күдікті мешітке намазға келіп, басқа біреудің сырт киімін киіп кеткен. Шығын көлемі 400 мың теңге», - деді Астана қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, ұрлаған тонды қайтарды.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.