Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева финалда жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (5:0).
Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль. Осыған дейін Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, Азия чемпионы атанған еді.