Алматыда үй иесі қонағын пышақтап, мәйітін жертөлеге жасырған

/
Алматыда үй иесі қонағын пышақтап, мәйітін жертөлеге жасырған
видеодан скриншот

Алматы қаласының Медеу ауданында 50 жастағы ер адам дастархан басында бірге отырған 45 жастағы танысын пышақтап өлтіріп, кейін мәйітін жеке үйдің жертөлесіне жасыруға тырысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамдардың бірге бас қосып, дастархан басында отырған кезінде арасында жанжал туындаған. Дау үстінде үй иесі пышақ алып, танысына сұққан.

Оқиғадан кейін күдікті қылмыс ізін жасыру мақсатында марқұмның денесін жертөлеге жасырған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Буран-609» патрульдік экипажының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қылмыс құралы оқиға орнынан тәркіленді», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары